148 сайлау учаскесінде 1027 сайлаушы бар. Сағат 7:00-ден бастап бірі жұмысына, бірі өз таңдауын жасауға асыққан ауыл тұрғындарының саны көп.
Олардың бірі немересін ертіп келген зейнеткер Зоя Сисенбаева:
- Сайлауға келіп, дауыс беру елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға үлес қосу деп білемін. Оған қоса, 10 сынып оқитын Нұрдәулет Амангелді деген немеремді ертіп келдім. Себебі, үлкен маңызға ие сайлаудың мән-маңызын өз көзімен көрсін. Баланың жақсы азамат болып өсуі бүгіннен басталады, - деді.
Н.Жауынбаева