Миялы ауылдық округіндегі №144 сайлау учаскесі таңертеңгі сағат 7.00-де өз жұмысын бастады. Сайлау учаскесінің төрағасы Берік Бейіс байқаушылардың, комиссия мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дауыс беру жәшігін бекітіп, мөрлегеннен соң сайлау ережесін қысқаша түсіндіріп өтті.
Мемлекеттік Әнұран ойналған соң, дауыс беру басталды. Алғашқы болып ауыл тұрғыны Нұржамал Иманғалиева дауыс берді. Аталмыш сайлау учаскесінде 1692 сайлаушы бар.
Ал, «Арман» мәдениет үйінде орналасқан №144 сайлау учаскесінде ертемен келген 10 сайлаушы өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде алғаш болып дауыс берген ауыл тұрғыны Мәлік Бегешовке сайлау учаскесінің төрайымы кітап сыйлады. Сайлаушының айтуынша, кәмелет жасқа толғаннан бері елімізде өткен барлық сайлауға қатысып, дауыс беріп келеді.
– Ел болашағын ойлайтын әр адам дауыс беруге міндетті. Өйткені әр адамның дауысы маңызды. Осы орайда мен де өз таңдауымды жасадым. Алғаш болып дауыс бергенім үшін сыйлық ұсынып жатыр, рахмет! Сайлау сәтті өтсін, - деген тілегін білдірді.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ