Сайлау ережесіне сай Тайсойған ауылында орналасқан №154 сайлау учаскесінде дауыс беру таңертеңгі сағат 7.00-де басталды.
Аудан орталығынан шалғайда жатса да олар елдегі маңызды саяси науқаннан тыс қалып көрген емес. Аталмыш сайлау учаскесінде 472 сайлаушы тіркелген. Ауыл тұрғындары арасында бірінші болып дауыс берген Берік Әбілғазиев:
– Ел болашағы үшін дауыс бердім. Бұған дейінде бірнеше рет Президент сайлауына қатысып, таңдау жасаған болатынбыз. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы бәрінен де маңызды. Елімізге тыныштық тілеймін, - дейді. Сайлау учаскесінің төрағасы Сексенбай Өрбісінов алғашқы сайлаушыға естелік сыйлық табыс етті.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ