Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Нашақорлыққа жол жоқ!»: Атырауда нашақорлыққа қарсы кіші аяқ добынан медиа турнир өтті

Атырау облысы полиция департаменті жанындағы нашақорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен Атырау және Орал қалаларынан келген блогерлер, жайдарманшылар мен белсенді жастардың қатысуымен «ORTA CUP II» атты кіші аяқ добынан медиа турнир өтті.

Шараға Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Роман Ермұханов қатысты.

«Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен ұйымдастырылған турнирдің басты мақсаты – медиа тұлғаларды бір алаңға жинау арқылы олардың кең аудиториясына спортты насихаттап, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау және есірткіге қарсы иммуниттеті қалыптастыру. 
Турнир барысында батыс өңірінен келген 8 команда өзара бақ сынап, «Атырау Жайдарман» командасы үздік шығып, чемпион атанды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған «Біз де адамбыз» командасы да тартысты ойын көрсетіп, жеңіске жетті.

Аталған іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеуге, спорттық белсенділікті арттыруға және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT