Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ПАНДУСТАР СТАНДАРТТАРҒА САЙ МА?

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында облыс бойынша қоғамдық және халыққа қызмет көрсететін орындарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдайдың жасалуы, яғни пандустар мен мини-лифттердің орнатылуы, оның талапқа сай болуына талдау жүргізу мақсатында мониторингтік рейд жұмысы ұйымдастырылды.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Фатима Тулеева жетекшілік еткен, облыстық мәслихат депутаттары және қоғамдық бірлестік мүшелерінен құралған мониторингтік топ Атырау қалалық сәулет-құрылыс бөлімі, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып, әлеуметтік маңызды нысандарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Облыс орталығындағы Береке, Халық, Жусан, Евразия банктерінің кеңселері, «Пекин» қонақ үйі мен «Социальная» дәріханасы ғимаратындағы зерделеу жұмыстары кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустардың стандарттарға сай еместігі, мүгедектер арбаларына арналған есіктер және дәретханалардың қажетті параметрлерге сәйкес келмейтіні анықталды.

Көрмейтін, естімейтін адамдар үшін рельефті тактильді жабындардың, дыбыстық сигналдардың толық еместігі рейд кезінде белгілі болды. Нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT