Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда синтетикалық есірткінің таралуын болдырмау үшін StopSyntheticAtyrauBot атты telegram бот іске қосылды

Бұл ботта тұрғындардың жеке дерегі құпиялылығын сақтайды. Осылайша олар есірткі граффитилері заңсыз ілінген орынның мекен-жайы немесе орналасқан нүктесі туралы ақпарат жібере алады. Сіз жолдаған хабарлама құқық қорғау органдарына жіберіліп, жарнамалар дереу жойылады.

Сондай-ақ, тұрғындар есірткімен байланысты қылмыстар, оны тасымалдаушы азаматтар, есірткі құрамды заттарды сататын заңсыз интернет-дүкендерге де сілтемелер жібере алады. Telegram бот анонимді болғандықтан, жіберушімен кері байланыс болмайды. Сондықтан ботқа ақпарат жібергенде қойылатын басты шарт - құқық бұзушылықтың фото немесе бейне жазбасы бар файлды тіркеу міндеттеледі.

Бот мекенжайы: http://t.me/StopSyntheticAtyrauBot Жоба Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT