Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық тұрғын келінін балағаттап жауапқа тартылды

Аудандық сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен азамат А.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралып, азамат А.Д. алкогольдік масаң күйде, өзінің келіні азаматша Г.А.-ға былапыт және ар-намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында, құқық бұзушы А.Д. кінәсін мойындап, ішімдік ішкеннің салдарынан үй тыныштығын бұзғанын, жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап өкінетінін, жәбірленушіден кешірім сұрап, өзара медиатордың қатысуымен татуласқандарын айтып, істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен, азамат А.Д. ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс бойынша, әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылып, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Н.СҮЛЕЙМЕН

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521