Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мейірім мен шапағатқа толы мереке

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Онда әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков:

– Әлеуметтік қызметкер – бұл тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын мейірбан жан. Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды. Сондықтан, өздеріңіз күн сайын атқарып келе жатқан бұл жұмыстарыңыз үлкен құрметке лайық, - деген тілегін білдіріп, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Алмагүл Ғазезоваға облыс әкімінің алғыс хатын, Миялы ауылдық округі әкімі апаратының бас маманы Бақтыгүл Әзи мен аудандық жұмыспен қамту орталығының ассисенті Алмагүл Сағиеваға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Бұдан кейін аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Мақсот Карин құттықтау сөз сөйлесе, әлеуметтік сала мамандары Бақтыгүл Шыңдыбаева, Ләззат Жақсылықова, Нұрасыл Мәдіғалиевалар облыстық, аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапатталды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521