Күні кеше елімізде өте маңызды тарихи оқиға – кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Әрбір тұрғын таңдауын жасап, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Халық сенім артып сайлаған мемлекет басшысынан көп үміт күтеді. Бұл ретте, оның сайлауалды бағдарламасында айтылғандай, дәрігер мамандығының беделін арттыру көзделген. Денсаулық сақшыларының мәртебесі заң жүзінде бекітіледі.
Демек, денсаулық саласы жылдан-жылға дамып келеді. Алға қарай да дами береді деп үміттенемін.
Дәмеш ЕСҚУАТОВА,
Жангелдин дәрігерлік амбулаториясының дәрігері