Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА БАСА МӘН БЕРІЛУІ ТИІС

Елімізде кезектен тыс өткен президент сайлауы жылдың ең басты жаңалығы болып тарихқа енді. Бір жағынан әлем алмағайып күн кешіп жатқан қазіргідей қиын-қыстау заманда өз басшымызды сайлап алғанымыз өте дұрыс шешім болды.

Халық ендігі жерде жаңа сайланған президент жас мемлекетімізді одан әрі дамытып, елдің әлеуметтік жағдайын көтергендігін көргісі келеді. Соның ішінде жұмыссыздық мәселесі тезірек шешімін тапқаны дұрыс.  Қазір тепсе темір үзетін жігіттер екі қолға бір күрек таба алмай жұмыссыз жүр. Осы орайда, Мемлекет басшысы «Әрбір мұнай өндіруші мекемелер ең алдымен жергілікті тұрғындарды  жұмыспен қамтуы тиіс. Сол мекемедегі жұмысшылардың тең жартысы жергілікті жерден алынуы керек» деген Заң қабылдаса нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.

Есенбай НҰРОВ,
қоғам белсендісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT