Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУ ҚАЖЕТ

Тәуелсіздік алып, өз алдымызға мемлекет болып құрылғанымызға отыз жылдан асты. Тарих тұрғысынан алғанда отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт болғанымен қазақ халқы үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Осы уақыт ішінде елімізде көптеген нәрселер атқарылды. 

Дегенмен де әлі де атқарылар іс жетерлік. Бұл тұрғыда, жұмыссыздықты жою, халықты баспанамен қамту, ауыз су және басқа да мәселелермен бірге автокөлік жолы мәселесі де өзекті. Осыдан бірнеше жыл бұрын басталған облыс көлеміндегі республикалық «Ақтөбе-Атырау-Астархан» тас жолы әлі түрлі себептермен бітер емес. Сондай-ақ, осыдан он жыл бұрын салынған «Сағыз-Миялы» тас жолының күйі аянышты. Жол құрылысының жұмысын жүргізген ауыр жүк көліктерінің жүруі жолды әбден бүлдірді. Бұл жолға күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы жолдың жалғасы «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолы әлі бітер емес. Осындай бүлінген, бітпеген жолдар тек қана біздің ауданда ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінде кездесетіні анық. Бұл ретте, ел Президенті  халықтың бірден-бір қатынас құралы болып саналатын жолды сапалы әрі уақытында бітіруді қадағалауды күшейтсе деген ойым бар.

Шапиғолла ҚОНЫСБАЕВ,

Қарабау ауылының

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT