Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы К.-ның жауапкер С-дан 650 000 теңге қарызды өндіру туралы азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Соттан талап қоюшы жауапкерден 650 000 теңге қарызын өндіріп беруді сұраған. Сотқа тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат жолдап, медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судьяның өзі өткізуін сұраған. Бұл тұрғыда, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарттары бойынша талап қоюшы жауапкерге қойған талабынан бас тартады, ал жауапкер талап қоюшыға 650 000 теңге қарызды 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайтаруға міндеттенеді. Сот ұйғарымымен, аталған медиациялық келісім заң талабына сай болғандықтан бекітіліп, мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521