Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАЙМЫН ДЕП ҰЯТҚА ҚАЛДЫ

Соңғы кезде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы мен мал ұрлығы көптеп орын алып жатыр.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен бекітілген «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ауданның жедел ахуалына байланысты жұмыс жоспары жасақталды. Аудан көлемінде аталмыш бағдарламаның талаптарын орындау мақсатында аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты қылмыстар бойынша жедел жағдайды қадағалау мен қалыптастыру, құқық бұзушылықтың, қоғамдық орындар мен көшелерде және бұрын сотталғандардың тарапынан қайталап жасалатын қылмыстардың, кәмелетке толмағандардың қатынасуымен болатын қылмыстардың алдын алу, қылмыс болған жағдайда ізін суытпай ашу қамтамасыз етіліп, кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Соның бір айғағындай, 3 шілде күні Миялы ауылының тұрғыны Ш.Н. есімді азаматша өзінің баласының велосипедін көрші үйінің шарбағы сыртында тұрған жерінен белгісіз адам ұрлап кетіп, 42 000 мың теңге шығын келтіргендігі туралы шағымданды.

Жедел іздестіру нәтижесінде Ш.Н-дің баласының велосипедін осы ауыл тұрғыны А.Д. есімді азамат ұрлағаны анықталып, ұсталды. Осы жерде, аудан азаматтары жеке мүліктеріне мұқият болып, қандай да болмасын жеке мүліктері ұрланған жағдайда дер кезінде аудандық полиция бөлімі немесе учаскелік полиция инспекторына хабарласа нұр үстіне нұр болар еді. Сонда ұры да тез табылып, қылмыс та ізін суытпай ашылады. Қысқасы, сақтық шараларын басты назарға қою кім-кімге де абырой екені сөзсіз.

Шалқар НАУРЫЗҒАЛИЕВ,

аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521