Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 517-бабы, 4-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының 4 азаматына қатысты 4 әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, яғни көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған. Сот отырысында шетел азаматтары өз кінәларын мойындап, істеген іс-әрекеттеріне өкінетіндерін айтты. Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының 4 азаматына аталмыш заң талаптарына бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды. Сот қаулылары дереу орындалып, айыппұлдар мемлекет пайдасына толықтай өндірілді.
Сурет: Ашық дереккөзден