Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕДИАЦИЯ КӨМЕГІМЕН ТАТУЛАСТЫ

Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Б.-мен арадағы некені бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында, жауапкермен 1993 жылдан бері заңды некеде екендіктерін, арада балалары бар екенін, ендігі жерде бірге отбасын сақтап тұра алмайтынын айтып, некені бұзуды сұраған. Сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, соттан оны бекітуді сұраған өтініштер түскен. Кәсіби емес медиатор Б.М.Жұмабаеваның қатысуымен болған медиациялық келісімнің шарттары негізінде, талап қоюшы отбасын сақтап қалу мақсатында татуласып, неке бұзу туралы талаптан бас тартады, жауапкер талап қоюшыдан кешірім сұрап, онымен татуласып, отбасылық мәселені шешкенде бір бірінің пікірін ескеруді міндеттенген.

Сот ұйғарымымен, аталған келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Осылайша, 26 жыл бойы өмірдің ыстық-суығын бірге көрген ерлі-зайыптылар, өздерінің отбасы деген баға жетпес құндылықты сақтап қалудың тиімді жолын таңдағандарына іштей риза болғандары білініп-ақ тұрды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521