Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

101-ГЕ СОҒУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!

Кейбір жағдайларда азаматтар өрт кезінде қайда телефон соғарын білмей 01, 02 немесе 102,103 телефондарына соғады. Сондай-ақ өрт болып жатқанын хабарлап, қайда болып жатқанын, яғни мекен-жайын анық айтпайтын азаматтар да кездесіп жатады.

Бұл дегеніміз өрт көлемі ұлғайып, дер кезінде ауыздықтауға қиындық туғызады. Өрт шыққан кезде көршілерден немесе ұялы телефон арқылы өрт сөндіру бөлімінің 101 номеріне қоңырау шалып, кезекші диспетчерге өрт шыққан жердің мекен-жайын, кімнің үйі екенін (пәтер, аула, гараж, балкон), хабарлаушы өзінің аты-жөнін, ненің жанып жатқанын (шөп аула, сарай, қора), диспетчердің сұрақтарына тез әрі нақты жауап беру қажет.

Өрт шыққан жағдайда мүмкіндігінше барлық электр аспаптарын өшіріп, электр автоматынан ажырату қажет. Көршілерге ескертуді ұмытпай, өздігіңнен сөндіре алмасаң үйдің жанында өрт сөндірушілердің келгенін күтіп, өрт сөндірушілер келген кезде өрттің неден басталғандығы, не жанып жатқандығы, қай бөлмелерді шарпығандығы, ішінде адамдардың бар жоғын айтуы тиіс. Енді ғана басталған кішкентай өрт ошағын үлкен өртке ұласпай тұрғанда дереу сөндіруге болады. Егер үйде өрт сөндіргіш (огнетушитель) болып, сіз оны пайдалана білсеңіз тіпті жақсы. Өрт сөндіргішті тек өрт алғаш басталғанда ғана пайдалану керек. Өкінішке орай, пәтерлердің көпшілігінде өрт сөндіргіш болмайды.

Сондықтан қолда бар құралдар арқылы жануды оқшаулауға болатынын білген жөн.

Талғат ОРАҚОВ,

аудандық №10 Өрт сөндіру

бөлімі бастығының орынбасары

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521