Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚҰЖАТСЫЗ КӨЛІК БАСҚАРҒАН

Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 610-бабының 3-бөлігінде көзделген азамат О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ол көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, Миялы ауылы, Абай көшесі мен Ж.Жабаев көшесінің қиылысында автокөлігін басқарып келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамсыз етудің белгіленген ережесін бұзып, велосипед айдап бара жатқан А.-ны қағып, оның денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы О. өзінің құқық бұзушылық әрекетін мойындаған және жәбірленуші кешірім берген. Сот қаулысымен азамат О.-ға жоғарыда айтылған кодекс бойынша әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды.

 

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521