Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Масылдықты қайтсек жоямыз?

Елімізде сыбайлас жемқорлық деген сөзді тек соңғы он жылдықта жиі қолдана бастадық. Осы термин қалай пайда болды? Оның түп төркіні неде?

            Ең алдымен ел арасында масылдар көбейді. Ауырдың үстімен жеңілдің астымен пайда табатындар саны артты. Бұл тек жұмыссыздарды, жіберген жұмысқа бармайтындар туралы айтсақ қателесеміз. Оларды тудырып отырған мемлекет пен қазіргі жүйе. Отбасын асырай алмай жүрген адамдарды ең төменгі қаржы беріп қоғамдық жұмысқа тарту, жеке кәсіпкерлердің сол ақшаға ауыр жұмыстар атқаруы үшін адамдар жалдауы адамдардың көңіл-күйі мен психологиясын бұзады. Олар бұл ақшаға жұмыс жасағысы келмейді. Мұны бәз біреулер «адамдар жалқау, жұмысқа шықпайды, масыл» деп жатады. Меніңше бұл қате пікір.

            Үкімет масылдықты жою үшін алдымен ең төменгі жалақы деген қағиданы өзгертуі қажет. Осындайлар қордалана келе  аз жалақымен  жұмыс беріп көп пайда табушылар саны артып, байлар байыды. Өмірде «тендер» деген пайда болды. Бұл оңай олжа табудың жаңа жолына айналды. Тағыда ақшаның жолына түскендер талай құйтырқыға салып, өзінің «таныс» адамдарына, мердігерлер мекемелеріне құрылыс нысандарын беріп жатты. Сапасы тексерілмеді. Осылай оңай олжаға кенелгендердін араны ашылғаны сондай олар қоғамдағы нағыз масылдарға айналды. Күні кешегі қаңтарда болған ереуілдер де осының нәтижесі. Жебірлер елді тонап, халықты күйзелткенімен қоймай өз былықтарын жасыру үшін осындай төңкеріс жасауға дейін барды. Бұлар нағыз халқымыздың ішінен шыққан  оңай жолмен байып алып, елді тонаған, тойымсыз, араны кеңіп кеткен  масылдары. Бұлармен күрес оңай емес олар тамырын жайып кеткен пәлелер.

            Төменгі жақтағы осындай жайттарды көрген жастар жағы да болашақта осы былыққа батпасына кім кепіл? Осыған байланысты ел ішінде орасан зор түсінік жұмыстары жүргізілуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы тапсырмасы барлық жерде нақты бағдарламамен жүзеге асуы шарт. Ел болып Президентімізді  қолдамасақ бұл сегіз аяқты обыр елді жайлайды. Масылдар таралып қана қоймай масыл елге айналамыз. Мұндай елді кім болса сол бөрікпен соғып алады. Ендеше, ойланайық, ағайын!

Құмар ХАСАН,

еңбек ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521