Атырауда қала ортасында екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші мерт болды. Екінші жүргізуші аурухана жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 24 наурызда сағат 23:00 шамасында болған.
«Атырау қаласындағы Әбілқайырхан даңғылы бойында «Лада Приора» көлігі кері бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан «Mercedes» көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Приора» көлігін басқарған 1983 жылғы жүргізуші оқиға орнында мерт болды. Ал, «Mercedes» көлігінің рульінде болған 25 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.