Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мал баққанға бітеді...

Сапарымызды одан әрі Кіндіксай қыстағымен жалғастырдық.

Қыстаққа жақындаған бетте қылаң берген зәулім үйге көзіміз түсті. Бұл «Ынта» шаруа қожалығының иесі Еламан Бижановтың салынып жатқан үйі екен. Халқымызда «Мал баққанға бітеді» деген қанатты сөз бар. Қиындығы өз алдына мал шаруашылығының арқасында өз жағдайын жасауға ұмтылған шаруагерлерді көргенде көңіл серпіліп қалады екен. Біз барғанымызда қожалық иесі қыстақта болмады.

Алайда, құрылыс маңында жүрген баласының айтуынша, төрт түлік малмен күнелтіп отырған шаруа қожалығының бүгінгі жағдайы жақсы. Екі баласы онлайн оқу арқылы білім алып отыр. Интернет желісі жүргізілген. Бұл қыстақта жоғарыда айтқан тоқ көзі арқылы үйін жылытып отыр. Одан соң, біз жол жиегінде орналасқан Ақтай Хайруллиннің шаруа қожалығына табан тіредік.

- Қабаққұдық қыстағы асфальтқа тиіп тұрғандықтан, аудан орталығы мен Жангелдин ауылдық округіне баруға ешқандай кедергі жоқ, - деп бастады шаруагер Ақтай Хайруллиннің жұбайы.

Қожалық иесі өз шаруаларымен аудан орталығына кеткен екен. Мектепте оқитын бір баласы онлайн білім алуда. Бір қуанарлығы, қожалық иесі өз қаражатына газ жүргізіп алған.

Осылайша, қыстақтардағы шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігінің жай-жапсарымен танысып, Жангелдин ауылына ат басын бұрдық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT