Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жағдайың қалай, Жангелдин?

«Журналисті екі аяғы асырайды» деген қағиданы басты ұстаным еткен біз «Халық пен биліктің арасында қандай алшақтық бар немесе ауыл әкімдерінің халықтың басты мәселесі болып отырған жайлармен қаншалықты айналысуда?» деген сауалды алға тартып, Жангелдин ауылдық округіне қарай жолға шықтық.

Әрине, аудан орталығына жақын орналасқан ауылдың әл-ауқаты басқа округтермен салыстырмалы түрде қарағанда жаңашылдыққа ұмтылуда. Себебі, аталған округке қарасты елді мекен жоқ. Есесіне, елуден астам шаруа қожалық пен қыстақтары бар. Сондықтан ең әуелі шаруагерлер жәйін білгеніміз дұрыс деп таптық.

Субсидия неге берілмейді?

Алдымен, аталмыш округке қарасты Кенен қыстағындағы «Бауыржан» шаруа қожалығына бет бұрдық. Сағат таңертеңгі 9:00-дің шамасында Кенен қыстағының маңында тыныштық орнаған. Тек алыстан сауын сиырлардың өріске қарай асыққаны байқалады. Қыстақ басында әсем үй орналасқан. Үйге жақындап, шаруа қожалық иесі Мақсот Саналиевпен әңгімелестік.

Бір сағатқа жуық әңгімелесу барысында ол:

- Осыдан екі жыл бұрын ауыл шаруашылығына көбірек көңіл бөлінген болатын. Соңғы жылдары малды асылдандыруға бөлінетін субсидиялар бөлінбей, тұралап қалдық. Бұл тұста, жалпы үкіметтен барлық жағдайды жасап беруді сұрап отырғаным жоқ. Жастардың, орта жастағы азаматтардың еңбек еткенін аса қалаймын. Десек те, осындай шаруа қожалықтарын жүргізіп отырған аудандағы барлық шаруагерлерге өз кәсіптерін әрі дамыта түсу үшін көңіл бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұған қоса, бізді қыс түсе мазалайтыны көгілдір отын мәселесі. Ел қатарлы өмір сүру үшін әр адам өз жағдайын өзі жасауы керек. Алайда, көгілдір отын жүргізілмес бұрын жобалық сметалық құжат дайындалған кезде, қыстақтардың орны белгіленбеген. Сол себепті де, бізге газдың құбыры жүргізілмеді. Қазіргі таңда, үйімізді кешкі сағат 23:00-ден таңертеңгі 7:00-ге дейін тоқ көзімен жылытып отырмыз. Тоқ көзіне ай сайын 40 мың теңгеден астам қаржы төлейміз. Қыс мезгілі қатты болған уақытта күндізде қосуға тура келеді. Сол уақытта тіптен көп ақша төлеуге тура келеді. Жұбайым екеуміз зейнеткерлік жасқа жетпегендіктен зейнетақы да ала алмаймыз. Жұмыс жасамағандықтан қосымша кіріс көзі де жоқ. Қолымыздағы малымызды алдын ала сатып, сол тоқ көзіне төлеуге жаратамыз, - деп ағынан жарылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT