Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Махамбет Досмұхамбетов: жұмыс есеп үшін емес, халық үшін жасалады

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен әлеуметтік сала мәселелері талқыланған жиын өтті»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйі туралы баяндады.

Ол саладағы жетістіктермен қатар, кемшін тұстарын да атап өтті. Мәселен, білім беру мекемелерінің құрылысы, балабақшаға кезек, ана және бала өлімі деңгейінің жоғары болуы, медициналық кадрлар тапшылығы сынды мәселелер әлі күнге дейін өзекті күйінде қалып отыр. Спикер Бақытгүл Хаменова осы проблемаларды шешу мақсатында жоспарланған шаралар туралы айтты.​ ​ ​ ​ ​

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов саладағы кейбір олқылықтарға басқарма басшыларының назарын аударды.

Мысалға, аймақта жаңа оқу жылында іске қосылуы тиіс ​ 9 мектептің 3-і ғана пайдалануға берілген. ​  Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша жоспарланған 13 орынның 3-і ғана ашылған.

Бұл кезіндегі мердігер мекемелер тарапынан кеткен олқылықтардың кері әсері.

«Ал, медицина саласы бойынша облысқа 120 дәрігер жетіспейді және дәрігерлердің 57 пайызы ғана әлеуметтік қолдаумен қамтылған.  «Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша мәдениет объектісін салу керек.

Әрине спорт, мәдениет саласында жетістіктеріміз аз емес. Бірақ, оң нәтижелерді халық айтады.

Спорт саласына инвестиция тартуға жұмыстану керек.

Жұмыстар есеп үшін атқарылмайды, халық үшін жасалады. Ендеше, әрбір ісіміздің нақты нәтижесі болуы тиіс»,-деген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов, ​ олқылықтарды жойып, жұмысты күшейтуді тапсырды.​

Сондай-ақ, облыстың медицина-техникалық базасын нығайту, өңірдегі дәрігер мамандар тапшылығын мәселесін шешу, сала мамандарына әлеуметтік қолдаулар көрсету бойынша нақты ұсыныстар енгізуді міндеттеді. Және онкологиялық науқастарды емдеу нысаны құрылысын жеделдетуді тапсырды.

Оған қоса өңір басшысы 44 ауылдық округте «Спорт жөнінен нұсқаушы» штатын қаржыландыруды шешуді, елді мекендердегі кітапханалар, басқа да мәдени нысандар қорына, материалдық-техникалық базасына зерделеу жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.​

Айта кетейік, жергілікті бюджеттің 46,5%, яғни жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалып отыр.​ ​ ​ ​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT