Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісінің 80 жылдығына арналған жауынгерлік және еңбек даңқы орындарында 60-шы Жұлдызды жорығы

2025 жылғы 28-31 қаңтар аралығында Тарих факультетінің командасы Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісінің 80 жылдығына арналған Беларусь халқының жауынгерлік және еңбек даңқы орындары бойынша халықаралық 60-шы Жұлдызды жорығына қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы Максима Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті болып табылады.

         Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан адамдарды еске алу, сол жылдардағы оқиғалар туралы естелік пен шындықты есте сақтау осы Жұлдызды жорықтарды өткізудің ең басты мақсаты мен негізгі ойы болып табылады. "Жұлдызды жорық" басталғанға дейін барлық қатысушылар "Минск – Батыр қала" стелласына жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойылды. Содан кейін Ұлы Отан соғысы тарихына арналған Беларусь мемлекеттік мұражайына шолу жасалды.

         Біздің команда "Багратион" студенттік отрядының құрамында болып, Столбцы қаласына қоныстанды. Топ жетекшісі Археология және этнология кафедрасының доценті С. З. Раздыков болды. Науқан барысында біздің студенттер соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесіп, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіште шеру өткізіп, гүл шоқтарын қойды, сондай-ақ Якуб Колас ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

         Столбцы қаласының № 3 орта мектебінде Столбцы ауданының прокуроры Александр Алисевичтің қатысуымен "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Беларусь халқының Геноциді" сұхбаттасу алаңы өткізілді. Және Столбцы қаласының № 4 орта мектебінің "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Беларусь халқының Геноциді" көрмесіне барды.

         "Багратион" отрядының құрамында біз жергілікті оқушылар мен аудан тұрғындары үшін патриоттық бағыттағы бірлескен концерттік бағдарламалар өткізілді.

         Көрермендердің есінде қаларлықтай Қалабаев Ернұрдың орындауындағы "Адай" күйі, Дәулетбаев Әділдің оқыған Абай Құнанбаевтың "Көзімнің қарасы" өлеңі және Рублевская Виканың орындауындағы дәстүрлі "Шашу" биі болды. Қойылған қойылымның көрерменнің көңілінен шыққанын шарадан соң Белоруссиядан келген қатысушылардың жылы лебіздерінен көре алдық. Қатысушылар бірлескен фотолар жасап,  домбыраға қызығушылығын білдіріп, үйренуге  және ұлттық биді үйренуге ниеттерін білдірді.

         Сондай-ақ, біздің студенттер Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жерлестеріміздің жерлеу орындарына барып, "Беларусьте қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

          Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының Жеңісінің 80 жылдығына арналған жауынгерлік және еңбек даңқы орындарында 60-шы Жұлдызды жорығына қатысуымыз теледидарда және БАҚ-та кеңінен жарияланды.

https://www.sb.by/articles/student-iz-kazakhstana-vazhno-otmechat-etu-pobedu-vspominat-tekh-kto-zhertvoval-soboy-radi-svobody-n.html

"Мир" - мемлекетаралық телерадиокомпаниясында Жұлдызды жорық туралы түсіріп, Дәулетбаев Әділден сұхбат алды:

https://by.mir24.tv/news/16623707/zvezdnyj-pohod.-studenty-iz-sng-posetili-mesta-boevoj-i-trudovoj-slavy-v-minske

Сонымен қатар Беларусь телевизиялық хабар тарату жүйесі Жұлдызды жорықты кеңінен жариялап, біздің қазақстандық студенттерден сұхбат алды:

https://minsknews.by/vstrechi-so-shkolnikami-poseshhenie-zahoronenij-studenty-bgpu-imeni-maksima-tanka-otpravlyayutsya-v-yubilejnyj-zvezdnyj-pohod/

Қазақстан елшілігінің өкілдері "Минск-Батыр қала" монументінің жанына гүл шоқтарын қоюға қатысып, өз сайттарында біздің студенттердің қатысқанын атап өтті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/926405?lang=ru&ysclid=m6gshsj1c3213461937

Біздің студенттер үшін бұл жорық әртүрлі елдердің жастарын біріктіретін, Ұлы Отан соғысының батырларына деген терең құрмет сезімін сезінуге мүмкіндік беретін бірегей іс-шара болды. Жастарға құнды тәжірибе, жаңа орта мен көптеген әсерлер сыйлады.

Қазіргі заман жағдайында, әсіресе Ұлы Жеңістің 80 жылдығында Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы тарихи жады мен объективті шындықты сақтаудағы Жұлдызды жорықтардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өту керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT