Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлттық киім - ұлт болмысының айнасы

Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киімді насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Ол бет-жүзді тұмшалайтын қара киімдерден гөрі, ұлттық нақыштағы киімдердің артықшылығын ерекше атап, ұлттық киімдеріміздің біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі екенін айтты. Президенттің бұл бастамасы қоғамда қолдау тауып, мектептерде, түрлі мекемелерде ұлттық киімге деген қызығушылық артып келеді. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер мен дүкендер пайда болуда. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналуда. Бұл үрдіс ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, мәдениетімізді дәріптеуге үлкен үлес қосады. Ұлттық киімдерімізді күнделікті өмірде кию арқылы біз салт-дәстүрімізді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткіземіз.

Г.Сәдуақасова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT