Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Азаматтық қоғамды дамыту керекпіз

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ел халқына жасаған алғашқы Жолдауында ел дамуына қажетті біраз тетіктерді баса айтты.

Соның ішінде ел көңілінен шыққаны – қазақ тілін ұлтаралық тіл дәрежесіне көтеру және азаматтық қоғамды дамыту. Бұл туралы Президент «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн» деп баса айтты.

Сөздің шыны керек қазір үлкен қалаларға бара қалсақ көп жерлерде орыс тілі үстемдік құрған. Бұл қазақы ауылда өскен ағайынға қиындық туғызары анық. Әсіресе, ауылдан қалаға оқуға барған студенттер ойларын орысша жеткізе алмай, қиналатын еді. Енді қазақ тілі ұлтаралық тілге айналар болса сол мәселелердің біразы шешілетін болады. Сондай-ақ, президент Жолдауында айтылған өзекті мәселелердің тағы бірі – азаматтық қоғамды дамыту. Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру керектігін айтқан мемлекет басшысы сол арқылы ашық есеп беретін мемлекет қалыптасатынын тілге тиек етті. Ол үшін азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп, қабылдануы тиіс.

Сол мақсатта елімізде жүйелі жұмыстар жасалатын болады. Сонымен қатар, Жолдауда келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталатыны айтылды. Ол туралы президент «Ендігі жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек. Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін» деді. Бұл да қоғам тарапынан қолдау тапқан ерекше бастама болды. Өйткені бұл Жолдауда тек кәсіпкерлік пен экономика көтеру мәселесі емес идеологиялық жұмыстарды да жандандыру жайы сөз болды.

Ендеше, мемлекет басшысының игі қадамдарын қолдап, жүзеге асыру барысында бір адамдай қолдауға шақырамын.

Дулат БЕРІК,

«Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521