Референдум күні таңдау жасаушылар тек дауыс беріп қана қоймай, ұлттық ойыннан сынға түсіп, шеберлік сынасуда.
Оған дәлел – Сағыз ауылындағы Сағыз орта мектебінде орналасқан №156 учаскелік референдум комиссиясы ұйымдастырған ләңгі ойыны. Аталмыш сайысқа оннан астам тұрғын қатысып, сынға түсті. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен Ізімберген Таспанов, Сұлтан Қабдықов, Нұрабай Жекшимов, Асылан Жалғасбаевтарды аталмыш учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Аяғанова естелік сыйлықтармен марапаттады.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН