“Шалқыма” мәдениет үйінде орналасқан №147 учаскелік референдум комиссиясына немересін арқалап алған жас әже келді. Қасында келіні бар.
Дауыс беру кабинасына кішкентай бүлдіршінді көтерген күйі кіріп, өз таңдауын жасады. Ол Ойыл ауылдық округінің тұрғыны көпбалалы, жұмыссыз Ақкенже Құлбаева екен.
- Мен елімізде осындай маңызды науқан болып жатқанда өз таңдауымды білдіруді жөн санадым. Егемен мемлекетімізде тыныштық пен береке- бірлік болсын деп өз дауысымды бердім. Елімізде тыныштық пен сүттей ұйыған берекелі өмір болса деймін. Мына немеремдей сәбилер алаңсыз бақытты өмір сүрсін. Немерем Бектұрған 9 айлық сәби. Осындай балақайлардың болашағы жарқын болғай! - дейді ардақты әже Ақкенже Құлбаева.
Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ