Атырауда «DUSCAFF» компаниясының өндірістік филиалы ашылды.
Аталған компания құрылыс ағаштарын өндіру мен жеткізуде әлемдік нарықта көшбасшы брендтердің бірі. 2003 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан аталмыш компанияның өнімдері – британдық, америкалық және еуропалық стандарттарға сай. Өндірістің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев арнайы қатысып, компанияның өңірде атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
- Халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты күшейту - бізге жергілікті өндірісті дамытуға көмектеседі. Компания өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай болуы да осы бағытта септігін тигізбек, - деді Айбек Крамбаев.
Айта кетейік, компания өкілдері келешекте аталған салада жергілікті мамандарды дайындауды жоспарлап отыр.
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет:ӨКҚ