Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ КӨТЕРІЛЕДІ

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңесінің жиыны өтті.

Оған кеңес мүшелерімен бірге аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, округ әкімдері, тиісті бөлім, мекеме басшылары мен мамандары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде қаралған «2019 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебі және атаулы әлеуметтік көмектің берілуі туралы» баяндама жасаған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықовтың айтуынша, бөлім арқылы мемлекеттік қызметтердің 26 түрі көрсетіледі.

Биылғы жылдың 11 айында бөлімде көрсетілген 7549 мемлекеттік қызметтің 6017-і мемлекеттік орган, 1177-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, 228-і электронды үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асты. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар аудандық газетте ай сайын жариялануда. Биылғы жылы 398 отбасындағы 2345 адамға тағайындалған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің қаржысы 287515,9 мың теңгені құраса, отбасының кірісі күн көріс денгейінің 70 пайызынан асып кетуіне байланысты 124 отбасындағы 744 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жоқ.

fto2

Аудандық мәслихаттың №ХХХХІ-І Қызылқоға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражат есебінен бір жолғы әлеуметтік көмекке халыққа қызмет көрсету арқылы 700 өтініш қабылданып 3500,0 мың теңге, жыл ішінде тиісті заңдылықтарға сәйкес, аз қамтылған 9 отбасындағы 40 адамға 122,4 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

Сондай-ақ, аудандық арнайы комиссияның шешімімен техникалық, жоғары білім беретін оқу орнына берешегі бар күндізгі бөлімінде оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан үш студентке 658,5 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек 658,5 мың теңге тағайындалса, туберкулез ауруына шалдыққан 69 азаматқа 9906,7 мың теңге, табиғи зілзала салдарынан мүлкіне зиян келген бір отбасына біржолғы 252500 теңге әлеуметтік көмек берілді. Биылғы жылдың 11 айында жұмыспен қамту орталығына келген 1759 адамның 1530-ы жұмыссыздар есебіне тіркелсе, жұмыспен қамту жоспарланған 997 жұмыссыздың 583-і тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан кейін жиынға қатысушылар көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Қызылқоға аудандық бөлімінің басшысы Жанар Асанғалиеваның қосымша хабарламасын тыңдады. Оның хбарламасынан білгеніміз, мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы негізгі мақсаты – көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу. Бұл орайда, мемлекет бірінші кезекте балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектесіп, еңбекке қабілетті азаматтардың жұмысқа орналасуына немесе кіші бизнеспен айналысуына жәрдем береді. Яғни, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығарып, оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсынады. Бұл көпбалалы аналарды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай мәртебесін көтеріп, елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады. Көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды. Барлық көпбалалы, яғни төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді. Осыған орай, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңына 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгерістер енгізілмек.

Атап айтқанда, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін орта, техникалық және кәсіптік білімнен, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға жаңа мөлшерде (4 баласы бар отбасыға – 42496 теңге; 5 баласы бар отбасыға – 53127 теңге; 6 баласы бар отбасыға – 63757 теңге; 7 және одан да көп баласы бар отбасыға – 74388 теңге) төленеді. Күні бүгінге дейін көп балалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (10 504 теңге) алушылардан ешқандай құжат талап етілмей, автоматты түрде жаңа жәрдемақыға ауыстырылады. Аудан бойынша көп балалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар 684 адам болса, жаңадан 201 адам құжат тапсырды.

Жалпы, келесі жылы аудан бойынша 976 адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға құжат жинайтындар аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барып өтініш, жеке басын растайтын құжат, балалардың туу туралы куәліктері, болса кәмелеттік жасқа толған баланың күндізгі оқу бөлімінде оқитыны туралы №4 анықтама және 20 санды есепшот нөмірін тапсырады. Мәжілісте аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгереева «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «Қызылқоға ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы», «2016-2020 жылдарға арналған Қызылқоға ауданының аумақтық даму бағдарламасы туралы» хабарлама жасады. Жиын барысында хабарламашыларға сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылғаннан кейін қаулы жобасы қабылданды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT