Қазіргі таңда отшашулар мен мерекелік пиротехникалық бұйымдар жаңа жылдық сыйлық пен шырша секілді мерекенің алмастырылмас бір бөлігіне айналды.
Кішкентай петардалар, қолмен атқыш бұйымдар, кәсіби отшашулар жаңа жылдық түні әр отбасының іс-шарасынан өз орнын табуда. Қысқы мерекелердің адында барлық дүкендер мен сауда орталықтары әртүрлі пиротехникалық құралдарды, соның ңішінде жәй бенгал шырағынан бастап, үлкен отшашуларға дейін жаппай сатудан кем қалмайтындығы белгілі. Алайда, пиротехникалық бұйымдардан адамдардың зақым алу және тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының орын алуы орны толмас өкініштерге ұрындаруда.
Бүгін аудан әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар мен полиция бөлімі қызметкерлері жаңа жылдық мерекелердің қауіпсіз өтуі мақсатында Миялы ауылындағы , «Керуен», «Бекежан», «Әнел», «Айдана», «Мерей» және басқа да сауда орталықтарында рейдтік шара өткізді. Рейд барысында саудагерлер мен тұтынушыларға пиротехникаларды пайдаланудың қауіпсіздігі жөнінде, яғни «От шашулар бөлме немесе белгілі бір мекеме ішінде пайдалануға арналмағандығын құрамында зиянды заттар болуына байланысты, түрлі түсті оттар мен үлкен шырақтар тек далада қолданылуы керектігін, пиротехникаларды пайдалану кезінде нұсқаулығымен танысып, пайдалану мерзімінің өтіп кетпегендігіне көз жеткізу, шыршаларды қондыру кезінде мықтап орналастыру, пайдалану мерзімі өткен отшашуды мүлдем пайдалануға болмайтындығы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, пиротехникалық бұйымдарды тиісті құжатынсыз сатқан жағдайда Қазақстан республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 196 бабы «Тауарлар мен өзге заттармен заңсыз сауда жасау» бойынша жауапқа тартылып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатындығы және оларды заңсыз қолданған жағдайда осы кодекстің 436 бабына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатындығы ескертілді. Айта кетсек, жарқ-жұрқ еткен пиротехникалық бұйымдарға, әсіресе балалар құмар.
Алайда, көптеген заттар секілді пиротехникалық заттар да Қытай елінде жасалатындықтан, олардың қай-қайсысы да белгілі бір дәрежеде қауіпті екенін балалар біле бермейді. Ал, отшашуды сатып алған жерде тексеріп алуға болмайды. Сондықтан да, мерекені отшашумен қарсы алғыңыз келсе, пиротехникалық заттарды арнайы лицензиясы бар жерден сатып алып, нұсқаулыққа баса назар аударған жөн.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ