Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҰЛАНДЫҚТАР ЖАҢА ОҚУ КЕЗЕҢІНЕ КІРІСТІ

  2025 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 5546 әскери бөлімінде жаңа оқу кезеңінің салтанатты ашылу шарасы өтті.  

Шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы «Батыс»  Өңірлік Қолбасшылығы Қолбасшысы генерал-майор Қазкеев Бекайдар Маратұлы  және әскери бөлім ардагері қатысты.  Ашылу салтанатында жауынгерлік қызметтің үздігі,  атқыштар ротасының командирі Д. Қожатайға ту көтеру мәртебесі берілді.  Осыдан кейін әскери бөлім толықтай мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағына кірісті.  

Әскери бөлім жеке құрамымен сабақты Қолбасшы генерал-майор Б. Қазкеевтің өзі тікелей өткізді. Сонымен қатар сабақ барысында ҚР Президенті және Ішкі істер министрінің талаптарын жеке құрамға түгел жеткізді. Осыдан кейін әскери бөлім оқу нүктелеріне бөлініп әскери қызметтегі қауіпсіздік шараларымен таныстырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT