Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әл-Фарабиге арналған адалдық сағаты өтеді

Ағымдағы жылдың шілде айында жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтеді.

Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Сондықтан, Атыраулық жастарға ұлы ғалымның еңбектері арқылы әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығын насихаттау үшін арнайы бейне-дәріс дайындалды.

Философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, өз дәуірінің көрнекті ақыны, ислам дәуірі әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ғұлама – Әбу Насыр әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Сондықтан да, еліміздің мәртебесін көтеретін ұл-қыздары өздеріңсіңдер. Адамның байлығы да, бақыты да, атақ-даңқы да, ол – білім. Әрдайым білімді, тәрбиелі болуға асығыңдар - деген ұлы ғалым.

"Осындай парасаттылық сағаттары біздің мемлекетіміз үшін осындай қиын уақытта әлде қайда маңызы зор, өйткені әділеттілік, адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, құрмет сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге және дамытуға көмектеседі." - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт.

Айта өту қажет, Әбу Нәсір әл-Фарабидің нақыл сөздері: "Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат. Бақыттың мәні – парасаттылыққа, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқтық рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында", - Антикор орталығында орнатылып, әрқашан қызметкерлердің көз алдында.

https://www.youtube.com/watch?v=yS8p6EH5tfg

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521