Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жүн мен тері қашан пайдаға асады?

Тасшағыл ауылдық округінде де бірқатар шаруашылықтар мен өндірістік кооперативі де мал азығын дайындау үстінде.

Солардың қатарында «Махамбет» шаруа қожалығы да бар. «Қоныстану» деген жерде қыстап, жаз жайлауға «Мейрам құдығы» алқабына шығатын қожалықта алты үйір жылқы, екі жүздің үстінде қой-ешкі, 100 шамалы ірі қара малы бар. Ойсылқара тұқымын да өсіруді енді-енді қолға алуда. Малды ағайынды жігіттер өздері бағып, жайлайды. Бие байлап, қымыз ішеді. Шөпті де өздері шауып, дайындайды. Шаруашылыққа тиесілі 1500 гектар жер телімі бар. Қожалық жетекшісі Санжар Елеусіновтің айтуынша, үш жылдан бері ірі қара малын асылдандыру бағытында қазақтың ақ бас бұқасын табынға қосып келеді. Нәтижесі бар. Үш жыл бұрын «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан трактор алды. Биыл шөп шабу агрегаттарына, орама шөп (рулон) шығару құрылғысын алуға несие алу үшін «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Атырау облысы филиалына сұраныс берілгенімен, казіргі елімізде болып жатқан ахуалға байланысты кідіріп тұр.

Қолда бар техникамен өткен айдың ішінде шөп шабуды бастадық. Қуаңшылық дегенмен көктемдегі жаңбыр жерге жақсы әсер етті деген ойдамын. Өткен қыс аса қатты болмай, көктемге дейін мал далаға жайылып шықты десек те болады. Биылғы қыс қандай боларын кім білген. Мiнезi қатал бұл мезгiлдiң, әсiресе мал баққан шаруаға оңай соқпайтыны анық. Сондықтан қанша дайындасаң да мал азығы артық етпейді. Жыл өткен сайын мал басының өсіп келе жатқандығы анық. Сол себепті қосымша жер телімін алу қажет болып тұр. Барлық қожалықтардағыдай малдың жүні, терісі далаға лақтырылып жатқаны жасырын емес. Қаншама байлық далаға төгілуде, - деп қынжылыс білдіреді шаруашылық иесі Санжар Елеусінов.

 

Бауыржан Бердіғалиев

Сурет:  ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521