Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құрманғазыда көпбалалы аналар баспаналы болды

Құрманғазы ауданында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай көпбалалы және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар жаңа баспанаға ие болды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Тұрғын үйлер аудан орталығы Құрманғазы ауылындағы Құрылысшылар ықшам ауданында бой көтерді. Бұл аймақта қажетті инфрақұрылым толықтай жүргізілген, тұрғындарға қолайлы өмір сүрудің жағдайы түгел қарастырылған.

Салтанатты шараға Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев қатысып, баспананың кілтін табыстап, халыққа жылы лебізін білдірді.

- Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі – азаматтардың баспаналы болуына жағдай жасау. Бүгінгі қуанышты сәт – осы бағыттағы жұмыстардың нақты нәтижесі. Жаңа қоныстарыңыз құтты болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, - деді А.Жанғалиев.

Айта кетейік, жаңа үйлерге Құрманғазы, Орлы, Нұржау ауылдық округтерінен келген он алты отбасы қоныстанды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT