Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық кран машинисі Бахытгүл Саңқыбаеваға жоғары марапат берілді

Бүгінде қоғамның түрлі саласында аянбай еңбек етіп жүрген әйел азаматтардың қатары аз емес. Олар темірден түйін түйіп, жол жөндеп, кен орындарында қызмет етіп елдің өркен жаюына атсалысып келеді. Мемлекет басшысы кеше қыз-келіншектерді көктем мерекесі – халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сан-саланың үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Солардың қатарында Атырау қаласындағы «Ақ Жайық-7» ЖШС-ның кран машинисі болып ұзақ жылдар ауыр техниканы басқарып, жемісті еңбек етіп келе жатқан Бахытгүл Саңқыбаева да бар. Талай жылғы еңбегі еленіп, абырой биігінен көрінген жерлесімізге «Еңбек Даңқы» ордені табысталды.

– Бүгін өте тамаша сезімдемін. Бұған жеткенде бар, жетпегенде бар. Осындай марапатқа ие болғаныма қуаныштымын. Жұмыс болғасын қиындығы бар, қызығы да бар. Жауапты болу керек, — деді Б.Саңқыбаева.

Салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік және қоғамдық қызметке еңбек cіңірген, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарған өзге де сала ардагерлері мен жұмысшы-мамандар марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында дәнекерлеуші, троллейбус жүргізуші әйел азаматтар да бар.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT