ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Атырауға іссапары барысында Азаматтық орталық мекемесінің жұмысымен танысып, бірқатар ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында вице-министрге орталықтың негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың жаңа бастамаларын қолдауға бағытталған жұмыстары туралы айтылды. Сондай-ақ, мәдениет бағытында белсенді қызмет етіп жүрген ҮЕҰ өкілдері өз салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шара барысында «Golden Steppe EXPLORERS» қоғамдық қорының жетекшісі Ержан Нұрпейісов Атырау өңірінің табиғи көріністері бейнеленген жеке фотокөрмесін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ ол өңір жастарының шығармашылық әлеуеті мен азаматтық белсенділігі туралы айрықша атап өтті.


