16 маусым күні Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала аумағында шетелдік нөмір таққан Mercedes-Benz маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізді.
Тексеру барысында аталған көлік құралына қатысты «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы салынған жалпы 6 әкімшілік айыппұлы бар екені анықталды. Көлік құралы арнайы айыптұрағына қойылып, жүргізушіге қатысты іс-құжаттар жинақталуда.
Атырау қаласы полиция басқармасы тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін сақтап, салынған айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігін ескертеді. «Қорғау-қауіпті жүргізуші» жүйесі арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілер автоматты түрде анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.