Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысы бойынша “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының ХХІ еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті

Шараға аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары, жобаның өңірлік үйлестірушілері, сарбаздар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Облыс бойынша 2 маусымнан бері 329 жас «Жасыл ел» қатарында еңбек етуде. Аудандар бөлінісі бойынша: Жылыой – 35, Қызылқоға – 50, Индер – 48, Құрманғазы – 58, Махамбет – 39, Исатай – 39, Мақат – 30, Атырау қаласы – 30 сарбаз жұмылдырылған.

Абаттандыру мен көгалдандыру бағытында 1000 жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Қазіргі уақытта 2166 жас жобаға қатысуға өтінім білдірген.

Сонымен қатар, шара барысында “Жүректен жүрекке”, “Waste2Wear” және “Инфо орталық” жобаларымен әріптестік орнату мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бұл – жастар арасындағы әлеуметтік және экологиялық жобаларды кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT