Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қоғамдық қабылдаудың қауқары зор

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты қазақстандықтарға арналған Жолдауында атап көрсетілгеніндей, Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы бес жылда республикада реформалар жүзеге асырылды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде оң бағытқа қарай бетбұрыс байқалады. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді.

«Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз. Бүгін біз алға қойған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз» деді мемлекет басшысы.

Жүктелген міндет пен берілген тапсырманың мүлтіксіз әрі уақытылы орындалуында еліміздегі азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жетекші саяси партиялардың тигізер ықпалы мен қосар үлесі мол, атқаратын рөлі зор. Солардың алдыңғы легінде «AMANAT» партиясын атауға болар еді. Осы орайда, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын арттыруға аталған партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қосып отырған үлесі қомақты. Нақтылай түссек, партия өз сайлаушыларының талаптарын тыңдауға, азаматтардың мұң-мұқтажын заң аясындағы тетіктер арқылы шешуге, түйінді мәселелердің шешімдерін бірлесе іздестіруге әрқашан да ашық екенін білдіре отырып, осы бағыттағы қызметін жоғары белсенділік жағдайында жалғастыруда. Сөзіміз дәлелді болу үшін «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушіс Ақтолқын Ахметжанова әңгімеге тартқан едік.

Оның айтуынша, аманаттықтар, қоғамның тыныс-тіршілігіне белсене араласуымен қатар, әр азаматты толғандыратын сұраныстардың түбіне үңіліп, жұртшылық тарапынан жолданған өтініштер мен арыздардың мәнін талдауды жүзеге асырады. Қойылған сауалдарды, ұсыныстар мен шағымдарды салалық қатыстылығы бойынша таразылап, атқарушы және өкілді мемлекеттік органдардың қатысуымен жүйелі әрі орнықты шешімін табуына ықпал етеді. Өңірдегі партиялық құрылымдар, депутаттық корпус өкілдері, аймақтық филиалдары, өтініштерді қарауға қатысты жұмыстың бірыңғай жүйесін қалыптастыра алды.

Қоғамдық қабылдау бөлмесі – сан сұрақтарға жауап іздеп, келелі мәселелерге қозғау салар, халық пен билік арасындағы алтын көпір іспеттес, үлкен жауапкершілікті, рухани ішкі қуатты қажет ететін халықпен тікелей байланыстағы жұмыс. «Әрбір арыздың артында адам тағдыры, ондаған, тіпті жүздеген адамның мүддесі тұр» деп мемлекетт басшысы айтқандай, бұл жерге түрлі әлеуметтік санаттағы азаматтар өздерін толғандырған түйткілді мәселенің түйінін тарқатар тұщымды жауап іздеп бас тірейді.

-Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, биылғыжыл басынан бері облыс бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2 мыңға жуық мыңға жуық өтініш түсіп, тіркелді. Оның 48,8 пайызы немесе тең жартысына жуығы оң шешімін тапты. Азаматтар көтерген сауалдар бойынша заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілген өтініштердің саны 840-қа жуықтады. Қойылған сауалдардың 24 пайызын – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 20 пайызын – жұмысқа орналастыру, 18 пайызын — әлеуметтік қамсыздандыру, 13 пайызын баспанамен қамту және тағы басқа салаладағы проблемалар құрады, — деді Ақтолқын Жақсылыққызы.

Білгеніміздей, әлеуметтік салаға қатысты сұраныстар тұрғындар тарапынан ең көп қозғалатын, өзектілігімен ерекшеленетін мәселелердің қатарынан орын алған.

Тұрғындар өздерінің адал еңбегі, маңдай теріне сай лайықты жалақымен, зейнетақы төлемдерімен қамтылуы, көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтардың мемлекеттің қорғауына алынуы жөніндегі құқықтарының сақталуы жүйелі негізде қалпына келіп жатқаны аңғарылады «Құқықтық көмек» жобасы іске қосылғалы шалғай ауыл тұрғындарына кәсіби заңгерлерлің құқықтық көмегі тегін көрсетіліп, халықтың көңілінен шығуда. Мұндай ізгілікті іс-шаралар заңгерлер палатасымен, адвокаттар алқасымен, татуластыру орталығымен жасалған ынтымақтастық меморандумы негізінде ұдайы заңгерлік көмектер, құқықтық кеңестер беру ұйымдастырылуда.

Өткен сегіз айда «Құқықтық көмек» жобасы шеңберінде 34 рет қабылдау өткізілдіп, онда 200-ге жуық азаматтың өтініші тыңдалып, оның 62 пайызы оң шешімін тапқан. Бұл жетістіктерге партия белсенділерімен бірге жергілікті мәслихат депутаттарының да еншісі барын атаусыз қалдырмағанымыз ләзім.

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521