Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қаржылық сауаттылық – заман талабы

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы біріккен палата отырысында жарияланды. Жолдауда саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелермен қатар, ақша-несие саясаты мен фиксалды саясаттың арасындағы үйлесімділікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге жағдай жасау, елдің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологи­ясын терең орнықтыру, экологиялық ахуалды рет­теу сынды ел тағдыры үшін маңызды мәселелер сөз болды.

Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше не­сие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды. Бұл бағытта “AMANAT” партиясы жанында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асып, аудан, облысымыздың орталықтарында тұратын ауыл тұрғындарына семинар оқулар ұйымдастырылуда. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте «Amanat» партиясы ұсынған “Қарызсыз қоғам” жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал, биыл одан да көп адам қатысады» - деді өз сөзінде.

Жыл басынан бері аталмыш жоба аясында өткізілген семинар тренингке күні бүгінге дейін 550 адам қатысып, қаржыны басқару, отбасылық бюджетті қалыптастыру, жоспарлау, бөлу, несиелерді ұтымды алу, кәсіп бастауды ұйымдастыру, алаяқтар мен қаржы пирамидаларынан сақтануды үйренді. Қаржы сарапшылары өткізетін бұл жобаға ұстаздар, тәрбиешілер, ауыл тұрғындары қатысып, қаржылық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік алды.

Партияның бұдан басқа халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген жобалары бар. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Руслан ӘЖЕНОВ,

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT