Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлт денсаулығы – орнықты дамудың негізі

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында ұлт денсаулығына ерекше тоқталып өткен болатын.

«Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» - деді Президент өз сөзінде.

Жалпы, халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамытып, халықтың санасына денсаулықтың қадірін ұғынуды сіңіріп, аурулардың алдын алуға айрықша көңіл бөлу керек. Халықаралық үздік тәжірибелерге сүйенсек, медицинаны дамытудың басты жолы қоғамдық денсаулық қызметін қалыптастыру болып табылады.

Қоғамның дамып, жоғары сатыға көтерілуі үшін де ең бірінші денсаулық керек. Ол үшін әрбірі жеке басын сақтандырып, үнемі медициналық тексерістерден уақытылы өтіп тұруы қажет.

Расыменде ұлт денсаулығы кез келген мемлекет үшін маңызды. Осы ретте бүгінде мемлекет тарапынан еліміздің аймақтарында медициналық мекемелер яғни ауруханалар көптеп бой көтеруде. Бірақ, өкінішке орай біздің саламызда білімді кадр жеткіліксіз. Сол үшін біз медицина саласында оқып жүрген болашақ ақ халатты абзал жандардың терең білім алып, білік пен тәжірбиенің басын тең ұстауға бағыттауымыз керек. Ол үшін білім ошақтарында білім алушыларға жеңілдіктер қарастырылып, мол мүмкіндіктер берілсе нұр үстіне нұр.

Өйткені, білім мен білік дағдыларын терең меңгерген маман ұлт денсаулығын іс жүзінде сақтандыруға бір кісідей ат салысады деп ойлаймын.

Рысгүл Тайшекенова,

Мақат аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT