Асыл дінімізде құмар ойындар харам етілген. Бұл туралы Құран кәрімнің «Мәйда» сүресінің 90-91-аяттарында: «Әй, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар.
Негізінен шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан қалдыруды қалайды» деп келтірілген. Демек, аятта ең үлкен күнәлардың қатарында Аллаға серік қосумен бірге арақ ішу, бал ашу, құмар ойнау да айтылып тұр. Адам баласының өмірі қамшының сабындай қысқа. Сондықтан сол аз ғана ғұмырды игі істерге арнап, ата-анаңды ренжітпей, отбасыңа тіреу, достарыңмен тату болып өткізгенге не жетсін?!
Мұрат СҰЛТАНОВ,
«Бәйтерек» мешітінің бас имамы


