Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құқықтық сауаттылық - басты назарда

Мемлекеттік аппараттың механизмі әрбір мемлекеттік қызметшінің қызметтерінің жиынтығымен жүзеге асырылады, сәйкесінше, тиімді, әділ, объективті шешім қабылдау және азаматтардың мүдделерін мейлінше қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызметшілер үшін кәсіби жетілген маман болуы өте маңызды рөл ойнайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган болып табылатын – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н. Еркебаевтың қатысуымен Құрманғазы ауданы,Бөкейхан ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды тұлғалары мен қызметшілерінеқашықтықтан байланыс орнату арқылы жиын өткізіліп, түсіндірмелер берілді.

Аталған іс-шара барысында Департамент басшысы Н. Еркебаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасыаясында көзделген іс-шаралар туралы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасындағы толықтырулар мен өзгерістертуралы түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіге заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруі, құмар ойындардан тартынуы және әлеуметтік кепілдіктері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Атап өту қажет, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасындағы толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған концепциясы бекітілген болатын. Осы тұжырымдамада мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерін көрсете отырып, сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытында нақты жоспарлар айқындалып, сәйкесінше, орындалысын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT