Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚҚС: Блогерлер берешегі қалай реттеледі?

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»
Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 600-ге жуық блогердің жылдық табысы 20 мың айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түскен. Мұндай жағдайда олар қосылған құн салығын төлеуге міндеттеледі. Ресми дерек бойынша, мамандар декларация тапсырған 594 тұлғаның табысына қатысты деректерді салыстырған. Бақы­лау нәтижесінде 53,3 млрд теңге сәйкессіз­дік бары анықталып отыр.

Оларға жаппай ескерту хабарламасы жіберілген. Хабарлама алушылар бір ай ішінде табысына қатысты барлық ақпаратты ашық көрсетуге тиіс.

«594 тұлғадан жалпы көлемі 53,3 млрд теңге сәй­кессіздік анықталып, тиісті хабарлама жіберілді. Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігі тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірме ұсынуы қажет», дейді Кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы. 

Әрине, бұл онлайнда оңай олжаға кенеліп жүрген инф­люенсерлердің мазасын қашырды. «Екі млрд теңгенің салығын қалай төлеймін?» деп етегі жасқа толған блогерді де көзіміз шалды. Мұхтар Тайжан, Сырымбек Тау, Ләйлә Сұлтанқызы, Өркен Кенжебек бастаған бір тобы әлеуметтік желідегі парақ­шаларында әр табысына салық төлеп келгенін жазды.

а

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

«Жеке бухгалтерім Салық кодексіне сүйене отырып, хат дайындап жатыр. Бұған дейін салықтың ақпарынан проблема болмаған, шот жабылмаған, ескерту келмеген, тұрақты төлен­ген. Берешегім жоқ. Әйт­песе, шетелге шыға алмай, банктегі шотымыз ашылмай қалар еді ғой. Сон­дықтан ресми хатқа да қанағат­тан­бай жатса, 20 наурызға дейін уақыт бар, кірістің әр пунктін талдап, дәлелдеп жатуға. Бір тиын кем бергенімді дәлелдеп жатса, екі тиын ғып төлеуге әзірмін», дейді блогер Өркен Кенжебек.

«Табыс алу кезінде салық­тарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурс­тарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударамыз. Көр­сетілген міндеттемелер Конс­ти­туцияда және Салық кодексінде белгіленген», делінген МКК мәлімдемесінде.

2023 жылы елдегі блогерлердің тізімін қыркүйек айынан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігі Кірістер комитетіне жіпке тізіп берген. Әлеуметтік желі арқылы жар­нама жасап, табыс тауып жүр­ген блогерлер 2023 жылғы 9 қыр­күйекке дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс екені ай­тылған. Ал былтыр Қаржы ми­­нистр­лігі Мемлекеттік кірістер коми­­теті арнайы салық режімдері бас­­қар­­масының басшысы Ерқа­нат Шын­берген елімізде блогер­лер­­дің бар­лығы дерлік жеке кә­сіп­­кер ретінде тіркел­генін айт­­қан еді. Әйткенмен биыл бұл саладан ши шығып отырған сыңайлы.

«Иә, 600-ге жуық кәсіпкер каме­ральды тексеріс туралы хабар­лама алды. Әр кәсіпкер жылда бірнеше мәрте жұмыс барысында қате жасалған есептер болса Салық органдары, Мемлекеттік кірістер басқармасы камеральды бақылау жүргізеді, яғни табылған қателерге қатысты осындай хабарлама жібереді. Бұл тек блогерлерге ғана жасалып жатқан шара емес. Мұны әр кәсіпкер бастан кешіп жатыр. Мұндайға бухгалтерлер жауап беріп үйреніп қалған. Сондықтан бұл кәсіпкерлер үшін қалыпты жағдай», дейді салық маманы Балжан Бақытқалиқызы.

Маманның айтуынша, оларға қойылған талап – табысты жасыру, яғни табыстан төленетін жеке табыс салығы ма, қосылған құн салығы ма, айыппұл бола ма, оны нақты айту мүмкін емес. Ол тапсырылған салық декларациясына, блогерлердің салық органына тапсыратын ресми жауаптары негізінде анықталады.

«Меніңше, комитет жеке тұлға ретінде қолданатын карталарын және кәсіпкерлік банктік шоттарын да ортаға салған, яғни жеке аударымдарының сомасын салық декларациясымен қоса салыстырған. Бірақ ескеру керек, жеке кәсіпкер ретінде ақша қабылдаған кәсіпкер оны өзінің жеке шотына аударуға құқылы, яғни бір мәрте салық төленген сома қайталанып есепке алынуы мүмкін. Осындай жағдай екені анық болса, блогер кәсіпкерлерге еш қорқудың қажеті жоқ. Өзінің салығы төленген табысы екенін дәлелдеп, хабарламаға жауап бере алады. Ал егер кәсіпкер ретінде банктік шотымен қаражат қабылдап, қалған табысты арнайы жасырып, жеке картасына аударған болса, онда оған әрине, салықтар үстінен есептеліп, төленуі тиіс. Осы сәтте кәсіпкер блогерге өте абай болу керек, себебі ҚҚС бойынша айналымнан асқан болса, айыппұлға іліну қаупі бар және жасырған табыстан табыс салығын айыппұлмен төлеуге міндетті болады. Жеке картаны кәсіпкерлікте қолдануға болмайды. Оны білмедім деп заңнан жалтара алмаймыз, заң алдында бәріміз теңбіз», дейді салық маманы.

Блогерлердің салық есептілігі заңда қалай көрсетілген? «Егер бәрі заңда бұрыннан нақты жазылған болса неліктен бұл мәселе бүгін тарап, дауға айналды?» деген сауалға маман былай жауап берді:

«Инфлюенсерлер туралы заң 2023 жылы қабылданды. Қазір 2022, 2023, 2024 жылғы табыстарын қозғап отыр. Себебі Салық кодек­сі бойынша тексеру кезеңі – 3 жыл. Яғни Салық комитеті қате кетті ме, жоқ па, соны тексереді. Кәсіп­керлерге 3 жыл ішінде осын­дай камералдық бақылау арқы­лы жіберіп отырады. Ол қа­лыпты жағдай. Блогер қауы­мы­ның ерекшелігі – олардың әлеу­мет­тік желі арқылы танымал болуын­­да деп пайымдаймын. Мұн­­дай мә­лім­деменің қоғамда жа­рия етілуі кез келген декларация тапсырмаған тұлға тексеріледі деген үндеу деп ұқтым», дейді сарапшы.

Бұл түйткілге қатысты Мем­лекеттік кірістер комитетіне нақты сауалдар жолдадық. Комитет жауапты алдағы аптада жолдаймыз деп хабарлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT