Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МАҢЫЗЫ ЗОР ҚҰЖАТ

Жаңа Конституцияны еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды жаңғыру кезеңі деп қабылдаймын. Бұл құжат Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Жаңа Конституция жобасының құрылымы, ел мүддесінің жаһандық аренада сенімді серіктес ретінде мәртебесін нығайтуға себеп болмақ. Сондай-ақ, Ата заңда мемлекеттік тілдің саяси тұғыры да артты. «Әділетті Қазақстан» қағидатын бекіту арқылы мемлекеттік тілдің басқару жүйесіндегі қолданылу аясы кеңейтіліп, ұлттық бірегейлік күшейтілді. Яғни, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесінің нақты бекітілуі, мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау, сондай-ақ аумақтық тұтастықты қорғау негізгі басымдықтар ретінде көрініс тапқан деп есептеймін. Аталған өзгерістер қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады. Осыған байланысты Жаңа Конституция еліміздің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын маңызды құқықтық құжат.

Мақсат ТӨКЕНОВ,

аудан әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT