Еліміздің Конституциясына енгізіліп жатқан тұжырымдамалық өзгерістер – жай ғана құқықтық түзетулер емес, бұл – жарқын өмірге бетбұрыс.
Бұны жаңаруды елдің ертеңіне деген жауапты әрі нақты қадам деп бағалаймыз. Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты басымдығы ретінде жариялануы – Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттарының нақты орныққанын көрсетеді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің мемлекет негізі ретінде бекітілуі – көпұлтты Қазақстан үшін аса маңызды құндылық.
Ботакөз ҚАРАБАСОВА,
Сағыз ауылының тұрғыны



