Жаңа Конституция жобасында адамның қадір-қасиеті, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітіліп, Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нақты көрсетіледі.
Бұл – мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы сенімді нығайтатын принцип. Сондықтан жаңа Конституция жобасы – елімізді біріктіретін және азаматтарға нақты құқықтар беретін маңызды қадам деп түсінуіміз керек.
Ақниет ДӘРІБАЕВ,
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



