Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Жарқыра» бағдарламасына 10 жыл: Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы өтті

13 ақпанда Атырау әлеуметтік кәсіпкерлер үшін орталыққа айналды: қалада «Жаркыра» бағдарламасының 10 жылдығына арналған құрылтай өтті. Бұл іс-шара  кәсіпкерлерді ғана емес, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, серіктестер, журналистер және өңірдің белсенді тұрғындарын біріктірді.

Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы орынбасары Нурдаулет Жұмаситов құрылтайдың маңызын атап өтті.

«Атырау облысының тәжірибесі көрсеткендей, мемлекет, бизнес және қоғамдық сектордың жүйелі қолдауымен және тиімді өзара әрекеттестік арқасында әлеуметтік кәсіпкерлік экономикада тұрақты бөлімге айналады. «Жарқыра» бағдарламасы — әлеуметтік ықпалды күшейтетін және дамуға жаңа мүмкіндіктер ашатын толыққанды экожүйе қалыптастырудың жарқын мысалы».

Он жыл ішінде «Жаркыра» гранттық бастамадан әлеуметтік жобаларды қолдаудың толыққанды экожүйесіне айналды. Бағдарлама туралы 100 000-нан астам адамға мәлімет жетті, 2 000-нан астам қатысушы кіріспе семинардан өтті, конкурсқа 1 200-ден астам өтінім түсті, 250 жоба бизнес-акселераторға қатысып, 60 тренинг өткізілді, 2 000 сағаттан астам жеке кеңес берілді және 230 бизнес-жоспар әзірленді.

190 миллион теңгеден астам қаржылай қолдауды 84 әлеуметтік кәсіпорын алды, ал 111 жоба жетекшісіне 71 тәжірибе алмасу Қазақстанда және шетелде ұйымдастырылды. «Жарқыра» қатысушыларды барлық кезеңде — идея қалыптастырудан бастап оқу, гранттар, пайызсыз қарыздар және менторлық қолдауға дейін сүйемелейді.

 «Теңізшевройл» компаниясының мемлекеттік және қоғамдық байланыстар жөніндегі вице-генеральдық менеджері Хеймиш Полс бағдарламаны мерейтойымен құттықтады:

«Біз үшін бұл бастаманы алғашқы күннен бастап қолдау — үлкен мәртебе. Құрылтай жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналды,  бағдарламаға облыстың аудандарынан жаңа кәсіпкерлер қосылуда. Әлеуметтік кәсіпкерлік — позитивті өзгерістерге нақты құрал» деді ол.

Кұрылтайдың басты оқиғасы — «Идеядан жүйеге: әлеуметтік кәсіпкерліктің 10 жылдық дамуы» атты панельдік сессия болды. Сарапшылар Қазақстандағы әлеуметтік жобалардың эволюциясын — алғашқы бастамалардан тұрақты қолдау механизмдерін қалыптастыруға дейін талқылады. Дискуссияға Еуразия Орталық Азия қорының, ҚР ҰКП «Атамекен» және Әлеуметтік бағдарламалар мен инновациялар қорының өкілдері қатысты.

Бағдарлама сонымен қатар «Әлеуметтік кәсіпкерліктің артқы сахнасы» сессиясын, «Жаркыра» финалистерінің баяндамаларын және бастаманы дамытуға елеулі үлес қосқан серіктестерге алғыс хат тапсыру рәсімін қамтыды.

Бүгінгі таңда «Жарқыра» жобалары жыл сайын облыстың 50 000-нан астам тұрғынына, олардың үштен бірі — ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен осал топ өкілдеріне қолдау көрсетеді. Әлеуметтік кәсіпкерлердің арқасында өңірде 350-ден астам жұмыс орны құрылды, ал «Жарқыра» қауымдастығы жаңа қатысушыларды қоғамда нақты өзгерістер енгізуге шабыттандыруын жалғастыруда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT