Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Мүлкіңізге сақ болыңыз»: Атырауда жедел-профилактикалық іс-шара басталды

 10 ақпаннан бастап Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұрлықтың, оның ішінде мал ұрлығы мен автокөліктерді заңсыз айдап әкетудің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады.

Басты мақсат – азаматтардың мүлкін қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары қала аумағындағы халық көп шоғырланатын сауда орталықтары, базарлар мен қоғамдық көліктерде тұрғындармен кездесіп, сақтық шараларын түсіндірді. Сонымен қатар мүлікті қорғау жолдары жазылған 50-ден астам жадынама парақтары таратылды. Полицейлердің айтуынша, мұндай тәсіл азаматтардың қырағылығын арттырып, өз мүлкін сақтауға жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

 - Көп жағдайда ұрлық деректері адамдардың бейқамдығынан орын алады. Сондықтан тұрғындарды жеке заттарына сақ болуға, автокөліктерін қараусыз қалдырмауға, мал-мүлкін бақылауда ұстауға шақырамыз. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы, – деді Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел-іздестіру тобының кіші жедел уәкілі, полиция сержанты Ислам Кәрім.

Айта кетейік, республикалық «Мүлікті қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы 28 ақпанға дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT