Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАСТАР ЖІГЕРЛЕНУІ ТИІС

сурет ғаламтордан алынды

Мен ауылда тұрып, еңбек етіп жүрген қарапайым азамат ретінде жаңа Конституцияны ел болашағы үшін маңызды құжат деп санаймын.

Себебі бұл Конституцияда адам құқығы, әділдік және еңбекке құрмет көрсету мәселелері басты орынға қойылған. Бұл ауыл тұрғындары үшін тұрақты өмір сүруге және өз құқықтарымыздың қорғалуына үлкен мүмкіндік береді. Сонымен бірге Конституция жобасы ауыл халқының да мүддесін ескеруге бағытталған. Заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарының күшеюі – қарапайым тұрғындардың құқықтарының сақталуына және қоғамда сенімділік орнауына жол ашады. Бұл ауылдың дамуына, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына және болашаққа деген сенімнің артуына оң әсер етеді. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, құқықтық мәдениетін дамыту және жан-жақты дамуына жағдай жасау ерекше орын алады. Сондықтан жастар білім алу, еңбек ету және өзін-өзі дамыту бағытында жұмыстанғаны жөн.

 Сағытжан МӘЖЕКОВ,

Сағыз ауылдық округінің жастар жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT